20 қаңтар 2023 | 09:00

30 градусқа дейін аяз. 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Синоптиктер 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан аумағының басым бөлігіне ауқымды солтүстік-батыс антициклоны ықпал ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек күндіз республиканың шығысында атмосфералық бөліктердің өтуіне байланысты аздаған қар жауады, оңтүстігінде жел күшейеді, тұман түседі", - делінген хабарламада.

Алматы облысының солтүстігінде, шығысында түнде 25 градус қатты аяз болуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-батыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -23-25, күндіз -9-11 градус аяз болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел секундына 0-5 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -14-16, күндіз -4-6 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз 0-2 градус болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная