30 желтоқсан 2022 | 08:52

30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Синоптиктердің мәліметінше, 30 желтоқсанда еліміздің 11 облысында жауын-шашын, қар жауып, көктайғақ болып, тұман түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктердің мәліметінше, 30 желтоқсанда еліміздің 11 облысында жауын-шашын, қар жауып, көктайғақ болып, тұман түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. Солтүстікте, облыс орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қызылордада таңертең және күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), тұман, көктайғақ күтіледі.

Реклама
Реклама

Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында тұман, көктайғақ күтілуде, облыстың солтүстігінде – жаяу бұрқасын, жолдарды қар басады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, облыстың таулы аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, таулы аймақтарда жел екпіні 15-20 м/с, 31 желтоқсанда - 25 м/с дейін жетеді.

Таразда түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтауда көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс, батысында бұрқасын күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында түнде солтүстікте, шығыста, күндіз облыстың солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оралда көктайғақ болып, тұман түседі.

Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аймақтарында тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні тау асуларында 15-20 м/с дейін жетеді. Шымкентте, Түркістанда кей жерлерде тұман түседі.

Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады деген болжам бар. Облыстың оңтүстігінде бұрқасын, солтүстікте тұман болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная