30 жыл бұрын Қазақстан ЮНЕСКО құрамына кірді. Ақорда Тоқаевтың архив суретін жариялады

Фото: "БОРТ №1"

Бүгін Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл. Қасым-Жомарт Тоқаевтың архив фотосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "БОРТ №1" Telegram-каналына сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл. Қасым-Жомарт Тоқаевтың архив фотосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "БОРТ №1" Telegram-каналына сілтеме жасап.

"1992 жылы 22 мамырда ЮНЕСКО-ға мүше болу туралы актіге қол қойылғаннан кейінгі Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майордың бірге түскен суреті. ЮНЕСКО тізіміне енген еліміздің алғашқы нысаны Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болатын", - делінген жазбада. 

Суретте Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майор, Париж, 1992 жылғы мамыр. 

Реклама
Реклама

ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген Қазақстандағы нысандар: 

Мәдени нысандар:

  • Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, 2003 жыл;
  • Тамғалы археологиялық ландшафының петроглифтері, 2004 жыл;
  • Жібек жолы: Чанъань-Тянь-Шань дәлізінің желісі, 2014 жыл. 

Табиғи нысандар:

  • Сары-Арқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері, 2008 жыл;
  • Батыс Тянь-Шань, 2016 жыл.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная