28 наурыз 2020 | 16:52

30 наурыздан бастап қазынашылық органдар қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейді

© Тұрар Қазанғапов

30 наурыздан 5 сәуірге дейінгі аралықта қазынашылық органдары қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

30 наурыздан 5 сәуірге дейінгі аралықта қазынашылық органдары қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

"Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың хабарлауынша, екінші деңгейдегі банктер мен қаржы ұйымдары өз қызметін ҚР Ұлттық Банкі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттігінің нормативтік актілеріне сәйкес жүзеге асырады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Алматы қаласында карантиндік режимді күшейту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімінің орындалуын бақылау үшін 28 наурыз күні сағат 00: 00-ден бастап полиция Департаменті, әскери полиция, сондай-ақ Ұлттық ұлан қызметкерлерімен қала көшелерін күзетуді күшейтеді.

Сондай-ақ, патрульдік полиция Полкі мен Мамандандырылған батальонның жеке құрамының көмегімен екі ауысымдық авто патрульдеу түрінде көшелерді күзету енгізілді.

"Жаяу патрульдеу бағыттары мен патрульдік полиция бригадасы қайта қаралып, топтастырылды. Қызмет көрсету механизмі жаңартылды. Жұмысқа тартылған қызметкерлер енгізілген шектеулерге сәйкес халық арасында түсіндірме жұмыстарын дамытуға баса назар аударады. Төтенше жағдай режимін және шектеуді қасақана бұзған жағдайда, құқық бұзушыға қатысты қылмысының ауырлығына байланысты әкімшілік және қылмыстық шаралар қолданылады. Бұл шаралар ең алдымен қалада короновирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуға және азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін бағытталған", - деп хабарлады, Алматы қалалық полиция Департаментінің басшысы полиция полковнигі Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар, полиция, өзіміз бен жақындарымыз үшін ортақ жауапкершілікті күшейте түсуге шақырды. Үйден тек азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуға және медициналық мекемелерге бару керек кезде ғана шығу ұсынылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная