26 қараша 2019 09:16

300 жұмысшы "АрселорМиттал Теміртау" мердігер ұйымдарынан жалақысын ала алмай отыр

© Тұрар Қазанғапов

Теміртауда 300-ге жуық жұмысшы жалақысын ала алмай отыр. Олар "АрселорМиттал Теміртау" мердігер ұйымдарында жұмыс істеген, алайда компаниялар банкротқа ұшыраған-мыс. Жұмысшыларға тіпті жұмыстан шығу кезінде берілетін ақысы төленбеген, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда 300-ге жуық жұмысшы жалақысын ала алмай отыр. Олар "АрселорМиттал Теміртау" мердігер ұйымдарында жұмыс істеген, алайда компаниялар банкротқа ұшыраған-мыс. Жұмысшыларға тіпті жұмыстан шығу кезінде берілетін ақысы төленбеген, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Мәселе ондаған миллион теңге айналасында. Жұмысшылар бұл мәселесін жергілікті әкімдікке барып айтқанын, алайда мәселенің әзірше шешілмей отырғанын хабарлады. 

Реклама
Реклама

"Бізге фирманың банкротқа ұшырағанын, сондықтан алуымыз тиіс жалақыны бермейтін басқа компанияға барып жұмыс істеуімізне болатынын айтты. Бізді лақтырып кеткен ғой. Біз әлі күнге жұмыссыз жүрміз. Енді қайда барарымды білмей отырмын. Сондықтан міне, көмек сұрап отырған жайымыз бар", - дейді Болатбек Қасымхан.

Теміртау әкімінің орынбасары Мирас Құттыбай бүгінде "АрселорМиталл Теміртау" компаниясының "Арсенал Стил" және KZ Impeks деген екі мердігер ұйымында жалақы төленбеу проблемасы бар екенін растап отыр. 

"Теміртау қаласының әкімдігі тарапынан осы ұйымдардың қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары және "АрселорМиталл Теміртау"басшылығымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде қазіргі уақытта "Арселормиттал Теміртау" осы ұйымдарға 30,8 миллион теңге аударды. Бұл мәселе ерекше бақылауда. Апта сайын Теміртау қаласы әкімінің басшылығымен "АрселорМиттал Теміртау" басшылығының және осы мердігерлік ұйымдардың қатысуымен жұмыс кеңесі өткізіледі. Онда "Арсенал Стил" және KZ Impeks қызметкерлерінің жалақысын толық өтеу мәселесі қарастырылады", - деді Мирас Құттыбай.

"Біз ертең "АрселорМиттал Теміртау" басшылығымен тағы да осындай үлкен кеңес өткіземіз, сол жиында мәселе шешімін табады", - деп қосты облыс әкімінің орынбасары.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360153/thumb_m/photo_122423.jpeg"
    "title" => "Қарағанды ​​облысындағы тасжолда жүк көліктері жантүршігерлік жол апатына ұшырады"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/events/karagandyi-oblyisyindagyi-tasjolda-juk-kolkter-janturshgerlk-360153/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360118/thumb_m/photo_122384.jpeg"
    "title" => "Заңгерлер, адвокаттар және нотариус: Қарағанды ​​облысында "қара риэлторлар" ұсталды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/crime/zangerler-advokattar-jane-notarius-karagandyi-oblyisyinda-360118/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360078/thumb_m/photo_122343.jpeg"
    "title" => "Қарағанды ​​облысында колониядан "қашып кеткен" сотталушы ұсталды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/karagandyi-oblyisyinda-koloniyadan-kashyip-ketken-360078/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360069/thumb_m/photo_122335.jpeg"
    "title" => "Қарағанды ​​облысында колониядан тұтқын қашып кетті"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/karagandyi-oblyisyinda-koloniyadan-tutkyin-kashyip-kett-360069/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_359798/thumb_m/photo_122040.jpg"
    "title" => "Қарағанды ауданы әкімі орынбасарының басы дауға қалды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/karagandyi-audanyi-akm-oryinbasaryinyin-basyi-dauga-kaldyi-359798/amp/"
  ]
]