14 ақпан 2023 | 09:26

32 градусқа дейін аяз және жауын-шашын: 14 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Синоптиктер республика бойынша 14 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер республика бойынша 14 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, солтүстік-батыс циклон жырасының әсерінен ҚР батысында, солтүстік-батысында қар, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында жауын-шашын (қар, жаңбыр түрінде) жауып, жаяу бұрқасын болады, жел күшейеді, елдің батысында, оңтүстігінде көктайғақ болжанды.

"Тек республикамыздың солтүстік жартысында, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша тұман болжанды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Астана қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 2-7 м/с. Ауаның температурасы түнде -21-23 градус, күндіз -10-12 градус болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -7-9 градус, күндіз +1+3 градус болады.

Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауаның температурасы түнде -1+1 градус, күндіз +8+10 градус болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная