32 пәтер, 11 автокөлік және 8 үй: Қазақстанда дәрі-дәрмекке қатысты ірі схема әшкереленді

32 пәтер, 11 автокөлік және 8 үй: Қазақстанда дәрі-дәрмекке қатысты ірі схема әшкереленді ҚМА баспасөз қызметінің фотосы

Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстанда дәрі-дәрмек сатып алу кезіндегі жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Сөз Дюшенн бұлшықет дистрофиясын емдеуге арналған препараттарды жеткізу туралы болып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстанда дәрі-дәрмек сатып алу кезіндегі жымқыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Сөз Дюшенн бұлшықет дистрофиясын емдеуге арналған препараттарды жеткізу туралы болып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бағаны негізсіз өсіру және офшорлық компания арқылы құрылған схема

ҚМА мәліметінше, "Интерфармсервис" ЖШС бес жыл бойы еліміздің медициналық ұйымдарына тиісті препараттарды жеткізуші әрі жалғыз дистрибьютор болған. Бұл ретте өндіруші тарап өнімді сатудың шекті бағаларын белгілеген.

Жарнама
Жарнама

"Алайда компания басшылығы заңсыз пайда табу мақсатында жеткізу тізбегіне Біріккен Араб Әмірліктерінде тіркелген өздеріне бағынысты компанияны қосып, сол арқылы жалған мәмілелер жүргізген.Осы схема арқылы препараттардың сату бағасы жасанды түрде өсіріліп, олардың нақты өзіндік құны жасырылып, заңсыз пайда алынған", - деп мәлімдеді ҚМА.

Агенттік ақпаратынша, осының салдарынан мемлекетке 3,7 миллиард теңге залал келген.

Қаражатты шығару және салықтан жалтару

Тергеу барысында алынған табысқа салық төлеуден жалтару мақсатында серіктестік басшылығы түрлі жеке кәсіпкерлермен жалған мәмілелер жасап, жалған шот-фактуралар рәсімдеу арқылы қаражатты шығару схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

Соның салдарынан 4 млрд теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған. Компания 637 млн теңгеден астам салық төлеуден жалтарған.

Мүлікті бұғаттау және бұлтартпау шаралары

Тергеу мәліметтері бойынша, заңсыз жолмен алынған қаражатқа 32 пәтер, 11 автокөлік және 8 тұрғын үй сатып алынған. Кейіннен тәркілеу мақсатында аталған мүліктерге тыйым салынды.

Екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы, үшінші тұлғаға қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Қазіргі уақытта тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысуды бастаған.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама