“322 теңге тұрады, 433 теңгеден сатып алдым“ - шенеуніктің картоп бағасы туралы айтқаны сәйкеспей қалды

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаевтан Қазақстандағы картоп бағасы неге күрт өскені туралы сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаевтан Қазақстандағы картоп бағасы неге күрт өскені туралы сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ернұр Жәутікбаев үкімет кулуарында журналистерге пікір білдірді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанның барлық супермаркет желілерінде картоп бар.

"Біз күн сайын картоптың бар-жоғын бақылап отырамыз. Тұрақтандыру қорларында картоп бар, еліміз бойынша шамамен 62 мың тонна қалды. Орташа алғанда, Қазақстанда картоп 130 теңгеден сатылып жатыр, дәлірек айтқанда, 129 теңге", – деді Ернұр Жәутікбаев.

Реклама
Реклама

Ол картоп дүкендерде емес, ауыл шаруашылығы өндірушілерінде қымбаттағанын атап өтті.

"Қазіргі уақытта экспорттың өсуіне байланысты ауыл шаруашылығы өндірушілерінде картоп көлемі бар, бірақ картоп бағасы дәл сол өндірушілерде көтерілгенін көріп отырмыз. Осылайша, логистика мен сауда үстемесін қосқанда, қазіргі уақытта Қазақстан бойынша орташа баға 322 теңге шамасында", – деді комитет басшысының орынбасары.

Журналистер шенеуніктен соңғы рет қашан және қандай бағада картоп сатып алғанын сұрады.

"Кеше супермаркетте болдым, 433 теңгеден сатып алдым. Мен айтып отырған 322 теңге – бұл Қазақстан бойынша орташа баға", – деп жауап берді ол.

Оның айтуынша, 500 теңгелік картоп – мейрамханалар пайдаланатын белгілі бір сорт.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная