+33 градусқа дейін аптап және найзағай: Астана мен Алматыға арналған синоптиктер болжамы

+33 градусқа дейін аптап және найзағай: Астана мен Алматыға арналған синоптиктер болжамы Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 2, 3 және 4 маусымда ауа райы қандай болатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 2, 3 және 4 маусымда ауа райы қандай болатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

2 маусымда құбылмалы бұлтты, түнде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +14...+16 градус, күндіз +27...+29 градус болады.

Жарнама
Жарнама

3 маусымда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +29...+31 градус болады.

4 маусымда құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +25...+27 градус болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

2 маусымда құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +31...+33 градус болады.

3 маусымда құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21 градус, күндіз +30...+32 градус болады.

4 маусымда құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +28...+30 градус болады.

Қазақстанда нөсер жауады

Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде атмосфералық фронтал бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болатынын хабарлаған болатын - найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. Толығырақ осы жерден оқыңыз.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама