08 желтоқсан 2022 | 09:09

34 градусқа дейін аяз: 8 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 8 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік шығыстан жел соғады, соққан желдің тау асуларындағы екпіні 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Реклама
Реклама

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, қар ұшқындайды деп күтіледі. Солтүстік шығыстан солтүстік батысқа ойыса соққан желдің таулы аудандардағы екпіні 15-20 м/с құрайды.

Тараз қаласында тұман болады.

Астанада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Құбылмалы жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 28-30, күндіз 18-20 аяз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная