+35 және одан жоғары: Алматыда аптап қашан басылады?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматы мен Алматы облысында ауа райы ыстық болып тұр. Термометр бағандары 35 градусқа жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы мен Алматы облысында ауа райы ыстық болып тұр. Термометр бағандары 35 градусқа жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің Алматы филиалы берген мәлімет бойынша, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша қала орталығындағы (Абай-Сейфуллин) температура +35,6 градусты көрсеткен.

"Бүгін Алматыда (Абай-Сейфуллин) - +35,6 градус. Бірақ бұл әлі максимал температура емес, сағат 14:00-дегі жағдайды айтып тұрмын. Кешке максимумды білеміз. Әуежай ауданында - +38 градус. Өйткені әуежай жазық жерде орналасқан және ол жерде күндізгі температура әрқашан жоғары. Каменское үстірті - +30,5 uhflec. Тауға жақын болған сайын температура салқын болады. Ертеңнен бастап ауа райының біртіндеп төмендеуі күтіледі, бірақ +28-ден төмендемейді", - деп түсіндірді "Қазгидромет" филиалының Алматы және Алматы облысы бойынша метеорологиялық болжамдар бөлімінің бастығы Дәулет Исебаев.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама