3500 милиция қызметкері: Бішкек Тоқаевтың ресми сапарына дайындалып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Бішкек. Фото:depositphotos.com

21–22 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға ресми сапармен барады. Ресми іс-шаралар кезінде қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін Бішкекте шамамен 3500 милиция қызметкері жұмылдырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан ІІМ-не сілтеме жасап.

Көлік қозғалысына шектеу

ІІМ мәліметінше, Тоқаевтың сапары күндері құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істейді. Көлік қозғалысы делегация кортежі өткен уақытқа ғана уақытша тоқтатылады.

Реклама
Реклама

Шектеулер бірнеше бағытты қамтиды: "Манас" әуежайынан мемлекеттік резиденцияға дейін, одан әрі Дооронбек Садырбаев көшесі арқылы "Ата-Бейіт" мемориалдық кешеніне дейін, сондай-ақ Тоголок Молдо көшесі бойымен.

Тоқаевтың Қырғызстанға сапары

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 22 тамызда Қырғызстанға ресми сапармен баратыны хабарланған. Бішкекте Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың келіссөздері өтеді. Сондай-ақ мемлекет басшылары Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама