ПОДЕЛИТЬСЯ
27 мамыр 2024 | 10:10
3,7 миллиард теңге: Қазақстанда заңсыз мемлекеттік сатып алулар анықтады
Ұлытау облысы прокуратурасының органдары сомасы 3,7 миллиард теңге болатын заңсыз мемлекеттік сатып алуларды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлытау облысы прокуратурасының органдары сомасы 3,7 миллиард теңге болатын заңсыз мемлекеттік сатып алуларды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.
"Ұлытау облысының прокуратурасы биылғы басынан жалпы сомасы 3,7 миллиард теңге болатын 12 мемлекеттік сатып алудың күшін жойды.
Талдау нәтижелері көрсеткендей, жергілікті атқарушы органдар конкурстарды жариялау кезінде тиісті сараптамалар жүргізбеген, жобалық-сметалық құжаттамалар болмаған және әлеуетті жеткізушілердің жағдайын нашарлататын талаптар көздеген", - делінген хабарламада.
Мысалы, Жезқазғанда экономика және қаржы бөлімі 1,9 миллиард теңгеге автомобиль жолдарын күтіп ұстауға мемлекеттік сатып алу жариялаған.
"Бұл ретте тапсырыс беруші конкурстық құжаттамада заңда көзделмеген біліктілік талаптарын негізсіз қойған (мемлекеттік сатып алу нысанасына жатпайтын заңнаманы сақтау бөлігінде).
Сонымен қатар, тапсырыс беруші бюджет заңнамасының талаптарын бұза отырып, 3 жыл мерзімге қала жолдарын күтіп ұстау туралы келісім шарт жасасуды жоспарлаған. Алайда, мұндай жұмыстар мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттар тізіміне кірмейді", - делінген хабарламада.
Басқа жағдайда, Ұлытау облысы Денсаулық сақтау басқармасының Облыстық психикалық денсаулық орталығы науқастарды тамақтандыру қызметін сатып алу кезінде қаржыны 17,2 миллион теңгеге негізсіз жоғарылатқан.
"Прокурорлардың наразылығымен заңсыз мемлекеттік сатып алулар жойылып, 9 лауазымды тұлға тәртіптік, 17-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қадағалау қызметінің бұл бағыты Ұлытау облысы прокуратурасының үнемі ерекше бақылауында".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также