ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қаңтар 2021 | 17:20
38 градус нөлден төмен. Бірнеше өңірде аязға байланысты жолдар жабылады
Бірнеше өңірде аязға байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰК өкілдеріне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бірнеше өңірде аязға байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Температураның 38 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 2021 жылы 2 қаңтарда сағат 18.00-ден бастап республикалық маңызы бар автожолдардың барлық бағытында дизельді қозғалтқышы бар көлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізіледі.
Ауа райы қолайлы болғанға дейін алыс өңірлерге шықпауды сұраймыз", - деп жазылған Ақмоладағы "ҚазАвтоЖол" бөлімшесінің Instagram-ында.
Сондай-ақ, СҚО-да жолдардың жабылғаны белгілі болды.
"2021 жылдың 2 қаңтары сағат 17-ден бастап Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасының 32-37 градусқа дейін төмендеуіне байланысты көлік құралдарының барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді", - деп хабарлады "ҚазАвтоЖол".
Алау басылымы да Қостанай облысында жолдардағы қозғалыс шектелгенін хабарлады.
"Температураның 38 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 2 қаңтар сағат 17.00-ден бастап республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік құралы үшін қозғалыс шектелді:
1. М-36 РФ шекарасы (Екатеринбургке) - Алматы автожолы, 386-729 шақырым (Сарыкөл кентінен СҚО шекарасына дейін).
2. А-21 Мамлютка - Қостанай автожолы, 180-250 шақырым (СҚО шекарасынан Ұзынкөл ауылына дейін)", - деп хабарлайды басылым "ҚазАқавтоЖолдың" өңірлік бөлімшесіне сілтеме жасап.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также