+38 градусқа дейін аптап: 30 мамырда ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Қазақстанда 30 мамыр, жұмада ауа райы құбылмалы болады. Батыс пен оңтүстік өңірлерде +38 градусқа дейін аптап, ал шығыста және оңтүстікте найзағайлы жаңбыр күтіледі. Ел бойынша кей жерлерде құмды дауыл мен желдің екпіні 20 м/с дейін жетуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда 30 мамыр, жұмада ауа райы құбылмалы болады. Батыс пен оңтүстік өңірлерде +38 градусқа дейін аптап, ал шығыста және оңтүстікте найзағайлы жаңбыр күтіледі. Ел бойынша кей жерлерде құмды дауыл мен желдің екпіні 20 м/с дейін жетуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет мәліметіне сілтеме жасап.

Астана – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12, күндіз +26…+28.

Алматы – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +11…+13, күндіз +24…+26.

Реклама
Реклама

Шымкент – құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыстан жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +27…+29.

Ақтау – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +33…+35.

Ақтөбе – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +31…+33.

Атырау – ашық, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз қатты ыстық +34…+36.

Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +15…+17, күндіз +27…+29.

Қарағанды – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +9…+11, күндіз +23…+25.

Көкшетау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде солтүстік-батыстан 2-7 м/с, күндіз 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +27…+29.

Қонаев – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +11…+13, күндіз +26…+28.

Қостанай – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан түнде 2-7 м/с, күндіз 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +29…+31.

Қызылорда – аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел түнде 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22, күндіз +31…+33.

Павлодар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10, күндіз +22…+24.

Петропавл – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Солтүстік-батыстан жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +26…+28.

Семей – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 3-8 м/с, күндіз 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +5…+7, күндіз +20…+22.

Талдықорған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 5-10 м/с, екпіні 14 м/с. Ауа температурасы түнде +6…+8, күндіз +26…+28.

Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14, күндіз +23…+25.

Түркістан – құбылмалы бұлтты, түннің бірінші жартысында өткінші жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыстан жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18, күндіз +30…+32.

Орал – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15, күндіз +30…+32.

Өскемен – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде батыстан, солтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +4…+6, күндіз +19…+21.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама