30 мамыр 2023 08:31

38 градусқа дейін ыстық және жел: 30 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 30 мамырда елдің бірнеше өңірінде 38 градусқа дейін ыстық болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 30 мамырда елдің бірнеше өңірінде 38 градусқа дейін ыстық болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Реклама
Реклама

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл. Түнде шығысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 37 градус қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, екпіні 18 м/с күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астанада күндіз найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 23 м/с.

Шымкентте 30 мамырда күндіз шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram