25 сәуір 2023 09:21

4 күндік жұмыс аптасы. Еңбек министрлігі пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасының енгізілуіне қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасының енгізілуіне қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрліктің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің айтуынша, 2013 жылғы 1 шілдеден бастап Еңбек кодексі бойынша енгізілетін өзгеріс жұмыс апталарын толығымен 4 күндікке ауыстырмайды. Бұл жерде жұмыс кестесін кезек-кезекпен ауыстыру туралы сөз болып отыр.

"Өзгеріс аясында 4 күндік, 5 күндік және 6 күндік жұмыс аптасын кезекпен ауыстыру қарастырылады. Мысалы, бір апта 5 күндік болса, екінші аптада 4 күн жұмыс істеуге болады. Бұл жұмыс кестесі қызметкердің өтініші бойынша жұмыс берушінің келісімімен бекітілуі мүмкін. Сөйтіп, 4 күн жұмыс істейтін қызметкерде қосымша демалатын бір күн пайда болады", - деді Ділдахмет.

Реклама
Реклама

Сәкен Ділдахмет бұл тәжірибені кейбір жұмыс берушілер қолданып жүргенін және ол еңбек саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін айтты.

Баспасөз хатшысы бұл режимді енгізу қызметкерге жеке және отбасылық қажеттіліктермен жұмыс істеу міндетін үйлестіруге мүмкіндік беретінін айтады.

"Мұндай режимде жұмыс істеу қызметкер үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығына, Еңбек кодексінде, еңбек, ұжымдық шарттарда және келісімдерде белгіленген еңбек саласындағы еңбек өтілін және басқа да құқықтарына шектеулер туғызбайды", - дейді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram