29 сәуір 2020 11:34

"4 мамырдан бастап сұлулық салондары жұмыс істейді". Алматы әкімдігі хабарламаға қатысты пікір білдірді

Фото:elements.envato.com

Алматы әкімдігінің өкілдері WhatsApp-та 4 мамырдан бастап кейбір кәсіпорындардың жұмыс істейтіні туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігінің өкілдері WhatsApp-та 4 мамырдан бастап кейбір кәсіпорындардың жұмыс істейтіні туралы хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде бірнеше кәсіпкерлік субъектілерінің мамырдан бастап жұмысқа кірісетіні көрсетілген жазба пайда болды.

Реклама
Реклама

Жарияланған хабарламада 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Қазақстанның тоғыз облысында бірнеше кәсіпорынның, соның ішінде сұлулық салондарының ашылатыны көрсетілген. 

Сондай-ақ, әр облыста 6-11 мамыр аралығында қандай нысандар жұмысын бастайтыны айтылады.

Алайда Алматы әкімдігінің өкілдері бұл мәліметті жоққа шығарды.

"Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды. Бұл фейк", - деді Алматы әкімдігінің өкілдері.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram