4 қаңтарда мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді

Камила Долаева Журналист
4 қаңтарда мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейді Tengrinews.kz мұрағатынан

4 қаңтарда мамандандырылған ХҚО-лар техникалық жұмыстарға байланысты қызмет көрсетпейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкіметтің" Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.  

Ақпарат бойынша, ҚР ІІМ бастамасымен көлікті тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтерді көрсетуге, сондай-ақ мемлекеттік нөмірлерді дайындауға жауап беретін ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу бойынша функциялар "АӨО" РМК қарамағына берілді.

"Бүгінде "АӨО" РМК және "ҰАТ" АҚ "Азаматтарға арналған үкіметтің" мамандандырылған ХҚО-да құжаттарды дайындайтын жабдықтар мен жаңа ақпараттық жүйені іске қосу бойынша реттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осыған байланысты, 2020 жылғы 4 қаңтарда мамандандырылған ХҚО-лар қызмет көрсетпейді", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама