4 шахтада жұмыс қайта жанданды - АрселорМиттал Теміртау

© Тұрар Қазанғапов

?ара?анды облысында ереуілдеген шахтерлер жер бетіне шы??ан со? шахталарды? ж?мысы ?айта жанданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "АрселорМиттал Теміртау" баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында ереуілдеген шахтерлер жер бетіне шыққан соң шахталардың жұмысы қайта жанданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "АрселорМиттал Теміртау" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"15 желтоқсанда "Саранская", "Абайская", Күзембаев атындағы, Костенко атындағы шахталар жұмысына кірісті. Қазіргі уақытта көмір департаментінің басқа да шахталарының жұмысын қайта жандандыру жұмыстары жүріп жатыр", - делінген компанияның хабарламасында.

Сонымен қатар, болат департаментінде металлургиялық комбинаттың және құрылғылардың тіршілікті қамтамасыз ету жүйесін іске қосуға бағытталған жұмыстар жүріп жатқаны айтылады. 

Реклама
Реклама

"Барлық инженерлік-техникалық жұмысшы коксхимиялық батареяларды іске қосу үшін өндірістің тоқтап қалуынан, көмір тапшылығына байланысты өндірістегі қиын мәселелерді шешу және демалыс және мерекелік күндері жұмыс істейтін болады. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ әкімшілігі мен шахтерлар арасындағы келісім комиссиясының қатысуымен жүріп жатыр", - деді "АрселорМиттал Теміртау" өкілдері. 

Еске салайық, "АМТ" АҚ өкілдерінің хабарына қарағанда, шахтерлер жер бетіне 14 желтоқсанда сағат 23.46-да шыға бастаған

Сағат түнгі 1.00-ге таман барлық кеншінің жер бетіне көтерілгені және олардың жағдайы қанағаттанарлық екені хабарланды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама