"40 минут тұрмыз": Жолдағы кептеліс алматылық жүргізушілердің ашуын келтірді

Видеодан алынған кадр

Алматыдағы көлік кептелісі жүргізушілердің ашуын келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы көлік кептелісі жүргізушілердің ашуын келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олар кептелісті видеоға түсіріп алған. Онда жүргізушілер жол қозғалысын ретке келтіруді, кептелісте 40 минут тұрғанын айтады.

Кептелістің видеосы Instagram желісіндегі dorogi_almaty_official парақшасында жарияланды. Видеодан Төле би және Өтеген батыр көшелерінің қиылысында тұрған көліктерді көруге болады.

Реклама
Реклама

"Бағдаршам жұмыс істемейді. Жол апаты да болды, 2 автобус та тұр".

"Осында тұрғанымызға 40 минут болған шығар. Жол қозғалысын реттейтін жол полициясы да жоқ. Тоқтап тұрмыз. Кептеліс", - дейді видео авторлары.

Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының баспасөз қызметі көлік кептелісінің себебін түсіндірді.

"Мұнда құбырларды ауыстыру жұмысы жүріп жатыр. Оны бүгін, 10 желтоқсанда аяқтауымыз керек. Бұл жұмыс апат жағдайды және жылу беруді тоқтатпас үшін алдын ала жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама