"400 ағаш кесіліп жатыр". Алматы облысы әкімдігіндегілер хабарламаға жауап берді

Әлеуметтік желілерде Алматы облысының Шелек ауылында тоғайды кесіп, оның орнына стадион салынатыны туралы хабарлама тарады. Әкімдік осы мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Алматы облысының Шелек ауылында тоғайды кесіп, оның орнына стадион салынатыны туралы хабарлама тарады. Әкімдік осы мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы эко-белсенді Салтанат Ташимова Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Тағы да кесіп жатыр! Шелектегі жалғыз тоғай ешкімге керек емес стадион үшін кесіледі. Мұнда Шелектің бүкіл тарихымен байланысты 400-ге жуық тарихи ағаш бар. Олардың ішінде бірде-бір ағаш апат жағдайда емес! Мұны тоқтатыңыздар!", - делінген жазбада.

Реклама
Реклама

"Шелек ауылындағы тоғайда 400 ағаштың кесіліп жатқаны туралы хабарламаға байланысты бүгінде ол тоғайда бірде-бір ағаш кесілмегенін айтамыз. Тоғайда стадион бар. 2022 жылға қарай Шелек ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарланып отыр, аумағы 3.40 гектар болады. Бүгінде құрылыстың жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып жатыр", - деді әкімдіктегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама