04 қазан 2021 | 17:21

400-ден аса қазақстандық қыруар ақшасын шетел шоттарында сақтап отыр

Фото: elements.envato.com

Қазақстанда декларация тапсырған 497 мың жеке тұлғаның 440-ында 58 елдің шетелдік банктерінде шот бар. Ақшаның жалпы сомасы 691 миллиард теңге. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда декларация тапсырған 497 мың жеке тұлғаның 440-ында 58 елдің шетелдік банктерінде шот бар. Ақшаның жалпы сомасы 691 миллиард теңге. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандықтар банк шоттарын көбіне Ресей Федерациясында, Америка құрама штаттарында, Швейцарияда ашқан.

494 жеке тұлға 26 елде 666 жылжымайтын мүлік декларациялаған. Оның 436-сы Ресейде, 44-і БАӘ-де, 38-і Түркияда.

Реклама
Реклама

1030 жеке тұлға 49 шет мемлекетте тіркелген 1198 көлік құралын декларациялаған. Оның 292-і Ресейде, 235-і Арменияда, 221-і Жапонияда, 162-сі Германияда.

47 жеке тұлғаның Қазақстаннан тыс жерлерде, Ресейде, Кипрде, БАӘ-де 57 заңды тұлғада қатысу үлесі бар.

1585 жеке тұлға 11 елде 1603 жылжымайтын мүлік құрылысында үлесі бар екенін көрсетті, оның ішінде Қазақстанда 1568.

  • 116 адам декларацияда алтын инвестициялағанын көрсеткен;
  • 918 адамның 25 елде бағалы қағаздары бар;
  • 635 инвестициялық пай қорларында 608 адамның пайы бар;
  • 212 адамның 218 зияткерлік меншігі, авторлық құқы бар;
  • 355 адамның дебиторлық берешегі бар;
  • 578 адамның кредиторлық берешегі бар.
  • 1 704 жеке тұлға 2 327 нысанды басқа біреуге басқаруға берген.

Еске салайық, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап кірістер мен мүлік туралы декларацияны мына адамдар тапсырады:

  • жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
  • мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
  • "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңдарына сәйкес декларация өткізу міндеті жүктелген адамдар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная