ПОДЕЛИТЬСЯ
20 сәуір 2020 | 10:24
42 500 теңге алғаны үшін ешкім жауапқа тартылмайды - министр
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге алған қазақстандықтың бірде біреуі жауапкершілікке тартылмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"42 500 теңге алған бірде-бір адам, тіпті ол қателескен болсын қылмыстық жауапқа тартылмайды. Осымен осы мәселеге нүкте қояйық. Біз ешкімді тексермейміз, бұл әлеуметтік төлем. Үй-үйді аралап, тексеріс жасамаймыз. Уайымдамаңыздар, сізге берілсе, алыңыз, жұмсаңыз. Тексерсе, бізді тексереді", - деді министр Нұр-Сұлтанда өткен онлайн брифингте.
42 500 теңге. Ең көп қойылатын сұрақтарға жауап
Еске салайық, мұның алдында 42 500 теңгені алуға тапсырылған барлық өтініштің заңға сәйкестігі тексерілетіні айтылған еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также