13 мамыр 2020 17:36

42 500 теңге алудың жаңа әдісі көрсетілді

Фото:elements.envato.com

Енді қазақстандықтар 42 500 теңгені ұялы телефон нөмірімен ала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Енді қазақстандықтар 42 500 теңгені ұялы телефон нөмірімен ала алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

"42 500 теңге"әлеуметтік төлемін банк шотының жоқтығынан ала алмаған азаматтар енді оны IBAN шотын ұсынбай-ақ, ұялы телефон нөміріндегі "ұялы байланыс операторының электрондық әмиянындағы" жеке шоты арқылы ала алады.  Ағымдағы жылдың 6 мамырында Төтенше жағдай кезінде табыстан айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) төлем тағайындау қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) тиісті өзгерістер енгізілді", - делінген министрліктің хабарламасында.

Реклама
Реклама

Ұялы байланыс операторының электрондық әмиянының" шотына әлеуметтік төлем алу үшін SMS-хабарлама арқылы өзінің келісімін растауы қажет дейді.

"Азаматтан жауап алғаннан кейін оператор алушының жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) тексеріп, ұялы телефонының жеке шотына ақшаны жібереді. Оны Халық банкінің банкоматтары немесе Қазпошта бөлімшелері арқылы алуға болады. Арнайы мобильді электрондық әмиян қосымшасының көмегімен 2000-ға жуық қызметтің ақысын төлеуге болады. Механизм пилоттық тәртіпте жүзеге асырылды. Бұл нұсқа Қытайда, Үндістанда, бірқатар Еуропа және Азия елдерінде сәтті қолданылуда", - дейді ведомстводағылар.

42 500 теңге берудің ережесі өзгерді

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram