42 500 теңге қанша адамға тағайындалғаны белгілі болды

Фото: Әлихан Сариев

42 500 теңгені алуға 1 миллионнан аса қазақстандық өтініш берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

42 500 теңгені алуға 1 миллионнан аса қазақстандық өтініш берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"20 шілде сағат 9.00-дегі мәліметке сәйкес, шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы 42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлемді алуға азаматтардан 1 миллион 55 мың бірегей өтініш келіп түсті. 880 мың адамға төлем тағайындалды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 42 500 теңге қашан берілетінін айтқан еді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде карантин тағы екі аптаға ұзартылатынын, мұқтаж жандарға 42 500 теңге берілетінін айтқан болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама