42 500 теңге көлеміндегі төлемақыны беру ережесі өзгерді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай режимі кезінде табысынан айырылған қазақстандықтарға әлеуметтік төлем беру ережелерін өзгерту туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді 16 сәуірден бастап әлеуметтік төлем мына санаттағы қазақстандықтарға беріледі:

- жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында жүрген жеке кәсіпкерлерге және орта, шағын кәсіпкерлікпен айналысатындарға;

Реклама
Реклама

- жұмысы карантин енгізілген аумақтарда жүргізілетін және жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында жүрген ірі кәсіпкерлік субъектілеріне;

- Салық кодексінің 774-бабы бойынша БЖТ аударған салық төлеуші жеке тұлғалар;

- Азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарттар бойынша жұмыс істейтін қазақстандықтар.

- коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлері (мемлекеттік мекемелерден басқа).

42 500 теңгенің қандай жағдайларда берілмейтіні айтылды

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама