ПОДЕЛИТЬСЯ
14 шілде 2020 | 16:53
42 500 теңге. Министр алаяқтарға алданып қалмауды ескертті
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгеге өтініш бергенде алаяқтардың құрығына түспеу үшін қандай ресурстарға сену керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгеге өтініш бергенде алаяқтардың құрығына түспеу үшін қандай ресурстарға сену керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Онлайн-брифинге Біржан Нұрымбетовке "төлем беріле бастағанда алаяқтар пайдалануы мүмкін бе" деген сұрақ қойылды.
"Өткендеде мұндай тұлғалар аз болмады. Олар түрлі қызмет, оның ішінде порталдар, фейк Telegram-боттарды ұсынып, SMS таратты. Сондықтан мұндай ұсыныстарға сеніп қалмауды сұраймыз", - деді ол.
42 500 теңге. Қашан және қайда өтініш береміз?
Министр сенімді интернет ресурстарды атап өтті.
"Ресми порталдар мен сайттар жұмыс істейтін болады. Бұлар 42500.enbek.kz, электрон үкіметтің ресми сайты. Өткендегідей ресми түрде 18 Telegram-бот болады, оларды кейін береміз. Алаяқтарға ұрынып қалмау үшін басқа порталдарға өтініш жібермеуді сұраймыз. Сондай-ақ Еңбек министрлігі беретін осы ақпаратқа сүйенуді сұраймыз" - деді Нұрымбетов.
Еске салайық, шілде айына 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алу үшін Бірыңғай жиынтық төлемді қайтадан төлеудің қажеті жоқ. Сонымен қатар, жұмысынан уақытша қалғандар үшін өтінімді жұмыс беруші қалдырады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также