06 сәуір 2020 | 10:51

42 500 теңге. Министр төлемге қатысты "өзгерістерге" пікір білдірді

Фото: Тұрар Қазанғапов

42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемге қатысты ештеңе өзгерген жоқ. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлемге қатысты ештеңе өзгерген жоқ. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрметті достар, осыдан бірнеше сағат бұрын 42 500 теңге әлеуметтік көмектің халықты алдап жатқаны және жұмысқа ресми орналаспаған қазақстандықтар төлем ала алмайды деген жазбалар пайда болды. Қолданушылардың бірі министрдің 2020 жылдың 3 сәуіріндегі бұйрығын талқылап жатыр. Яғни ол мен шығарған бұйрықты айтып отыр, маған түсіндіріп өтуге рұқсат беріңіздер.

Реклама
Реклама

Бірден айтайын, Арман мырза (жазба қалдырған автор) қателесіп отыр. 3 сәуірде шыққан бұйрықта бір ғана жаңалық бар - онда коммерциялық емес ұйымдардың қызметкерлері қосылған", - дейді Нұрымбетов.

42 500 теңгені электрон қолтаңбасыз қалай алуға болады? Көрсетеміз

Министрдің айтуынша, автор келтіріп отырған бұйрықта еш өзгеріс жоқ.

"Барлық жалдамалы және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарда (жеке кәсіпкерлер, бірыңғай жиынтық төлем жасайтындар) елде төтенше жағдай режимі жарияланғанға дейінгі соңғы 12 айда кем дегенде бір рет әлеуметтік аударым жасалуы керек. Бұрындары да осылай болды емес пе? Ал ресми емес өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ешқашан әлеуметтік аударым жасалмағандықтан, оларға бірыңғай жиынтық төлем жасау жеткілікті екенін айттық. Әлде олай емес пе еді? Барлығы сол күйінде. 3 сәуірде шыққан бұйрықта ештеңе өзгерген жоқ", - деді министр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная