ПОДЕЛИТЬСЯ
16 шілде 2020 | 15:48
42 500 теңгеге өтініш қашанға дейін қабылданады?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгеге өтініш 1 қыркүйекке дейін қабылданатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгеге өтініш 1 қыркүйекке дейін қабылданатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол қазақстандықтарға 42 500 теңгені алуға өтінішті бір рет берсе жеткілікті екенін атап өтті.
"Порталдарға және Telegram-ботқа өтінішті бірнеше рет жіберудің қажеті жоқ. Бұл порталдарға артық салмақ түсіріп, өтінішті бергісі келетін адамдарға кедергі келтіреді. Өткен жолы 18 миллион өтініш түсті. Сондықтан екінші рет өтініш қабылданбайды. ЖСН бойынша өтініш түскені туралы бір рет хабарлама келеді. Сізге өтінішіңіз қабылданғаны туралы хабарлама келуі керек. Кейін сіз оны порталдардан бақылай аласыз", - деді Нұрымбетов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Біржан Нұрымбетов 42 500 теңгеге өтініш 1 қыркүйекке дейін қабылданатынын айттты.
"Бұл - шілде айындағы төлем. Порталдар 1 қыркүйекке дейін жұмыс істейді. Сіздерде өтініш беруге әлі бір ай уақыт бар", - деді министр.
Айта кетейік, осыған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 42500 теңгені кімдер алмайтынын түсіндіріп, қазақстандықтарға өтініш айтқан еді.
Сондай-ақ, Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге қашан берілетінін айтқан.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде карантин тағы екі аптаға ұзартылатынын, мұқтаж жандарға 42 500 теңге берілетінін айтқан болатын.
Показать комментарии
Читайте также