03 сәуір 2020 | 11:21

42 500 теңгені электрон қолтаңбасыз қалай алуға болады? Көрсетеміз

Фото: Тұрар Қазанғапов

"Төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемді енді eGov порталында электрон қолтаңбасыз-ақ, SMS-пен авторизациялау арқылы алуға болады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге мөлшеріндегі төлемді енді eGov порталында электрон қолтаңбасыз-ақ, SMS-пен авторизациялау арқылы алуға болады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызмет түрін қолдану үшін eGov парақшасындағы "Төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге төлеу" қызметін таңдайсыз.

Реклама
Реклама

Cосын бірреттік құпиясөзді таңдап, ЖСН мен телефон нөмірін жазу қажет.

Содан хабарламадағы сандарды жазып, келісемін және әрі қарай деген функцияны таңдау керек.

Электрон өтінішті толтырған соң сізге қатысты мәліметтің барлығы және өтініштің нөмірі шығады. Өтініштің қаралып жатқаны да көрсетіледі. Статусты өзіңіздің жеке кабинетіңізде тексере аласыз.

Жүйеде сіздің мәліметтер базасында тіркелмегеніңізді көрсетсе, сізге көрсетілген сілтемеге өту керек болады. Міндетті түрде тіркелу керек. Әйтпесе жүйе төлемді нақты сіз алатынын білмейді.

Базада тіркелу үшін сіз ХҚКО қызметкерімен видеобайланыс арқылы сөйлесесіз. Сосын бірреттік құпиясөзді тересіз. Азаматтарды базаға тіркейтің 500-ге жуық ХҚКО қызметкері байланыста болады.

Мұның алдында қазақстандықтарға 42 500 теңге тағайындалғаны туралы SMS келгені хабарланған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная