43 градус ыстық болады. Синоптиктер ескерту жариялады

© pixabay.com

Алдағы күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше аймағында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометтің" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. 

Алдағы күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше аймағында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометтің" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. 

15-16 шілде аралығында Ақмола облысында 35-38 градусқа дейінгі ыстық сақталады. Ал Нұр-Сұлтан қаласында 16 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық болады. Аймақтағы дауылды ескертудің көрсеткіші 90-95 пайыз.

Солтүстік Қазақстан облысында 15-16 шілде аралығында дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 пайызды құрап отыр.  Облыстың кей жерлерінде 37 градусқа дейінгі ыстық күтіледі.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Қостанай облысында 15 шілдеде күндіз 36 градус, кей жерлерінде 39 градус күтіледі. Аталған аймақта да дауылды ескерту 90-95 пайызды құрап отыр.

15 шілдеде Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 43 градус қатты ыстық болады. Аймақтағы дабылды ескерту 95-100 пайыз.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама