28 қараша 2022 | 11:25

43 градусқа дейін аяз. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қазгидромет 29, 30 қараша мен 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазгидромет 29, 30 қараша мен 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, 29-30 қарашада еліміздің шығыс аймақтары солтүстік антициклонның салқын сілкінісінің ықпалында болғандықтан, қатты аяз болады. Қазақстанның қалған аумағында үсік түседі деп күтіледі.

30 қараша мен 1 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде оңтүстік циклонның түсуінен жауын-шашын болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында - жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жауып, қатты аяз күтіледі. Республика бойынша оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшейіп, тұман, көктайғақ болса, солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын болады.

Реклама
Реклама

"Ауа температурасы түнде республиканың батысында 5-15 градус аяз, солтүстік-батыста 10-28 градус аяз, солтүстік облыстарда 15-25 градус аяз, орталықта 15-25 градус жылы. Республиканың шығысында 33-43 градус аяз, кезеңнің соңында 20-30 аязға дейін көтеріледі, оңтүстігінде -7 градус аяз, оңтүстік-шығыста -5-15 аяздан -0-8 аязға дейін күшейеді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная