24 шілде 2023 | 08:57

43 градусқа дейін ыстық: 24 шілдедегі ауа райы болжамы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 24 шілдеге арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 24 шілдеге арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтар мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктерге байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, батыста жаңбыр жауады. Тек республиканың оңтүстігінде, шығысында, орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі деп күтіледі.

"Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Қарағанды ​​облыстарында, Жетісу, Абай облыстарында, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 35-43 градус қатты ыстық күтіледі. Күндіз солтүстікте, Алматы облысының орталығында 42 градусқа дейін аптап күтіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Алматы, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарында, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, орталықта, Қызылорданың шығысында, Павлодардың оңтүстігінде, Ақтөбенің оңтүстік-шығысында, Маңғыстаудың батысында, Атырау облыстарының батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанайдың оңтүстігінде, Ақмола облыстарының оңтүстігінде, солтүстік, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная