ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 16 шілде 2026 07:55
44 градус ыстық және жаңбыр: 16 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" бейсенбі, 16 шілдеге арналған қалалар бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің оңтүстігінде +44 градусқа дейін ыстық сақталады, ал солтүстік, батыс және шығыс өңірлерде кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ пен екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қалалар бойынша ауа райы
Астана - көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, күн күркіреп, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде 5-10, күндіз 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін ыстық болады.
Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы, күндіз 36-38 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Шымкент - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 41-43 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Түркістан - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 26-28 градус жылы, күндіз 42-44 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 40-42 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 37-39 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Қызылорда - аз бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен соғып, солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 26-28 градус жылы, күндіз 42-44 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы, күндіз 39-41 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Ақтау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 22-24 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.
Атырау - көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстік-батыстан соғып, оңтүстік-батысқа ауысады, түнде 2-7, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 23-25 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Орал - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 14-16 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы болады.
Ақтөбе - бұлттылық аз, жауын-шашынсыз. Жел батыстан 5-10, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 29-31 градусқа дейін ыстық болады.
Қарағанды - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін ыстық болады.
Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан, батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 25-27 градус жылы, күндіз 36-38 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Қостанай - көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 26-28 градус болады.
Көкшетау - көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 26-28 градус жылы болады.
Петропавл - бұлтты, жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан түнде секундына 9-14 метр, күндіз 15-20, екпіні 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 26-28 градус жылы болады.
Павлодар - көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 32-34 градусқа дейін ыстық болады.
Семей - көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстіктен соғып, солтүстік-батысқа ауысады, 5-10, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 36-38 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Өскемен - көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысады, 5-10, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 36-38 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу