22 сәуір 2023 | 09:17

45 адам сотталды. Прокурорлар Астананың үлескерлеріне ескерту жасады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Прокурорлар Астананың үлескерлеріне ескерту жасап, қандай жағдайда үлестік құрылысқа инвестиция салуға болатынын еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қадағалау органының сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Прокурорлар Астананың үлескерлеріне ескерту жасап, қандай жағдайда үлестік құрылысқа инвестиция салуға болатынын еске салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қадағалау органының сайтына сілтеме жасап.

"Прокуратура азаматтарға заңды айналып өту үшін алдын ала шарт, ниет шарты, инвестиция, брондау және осы сияқты жасырын шарттар жасасатын жосықсыз құрылыс компанияларынан абай болу керектігін ескертеді. Елдің қаражатын тарту үшін құрылыс салушылар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жөнінде шарт жасасуға міндетті", - дейді қалалық прокуратура.

Ведомство мәліметінше, соңғы 6 жылда үлескерлердің мүддесі үшін 104 миллиард теңгеге 143 талап арыз жазылған. Нәтижесінде 15 қылмыстық іс қозғалып, 45 адам сотталып, 147 адам әкімшілік жауапқа тартылған.

Реклама
Реклама

Тек екі жағдайда ғана құрылыс салушы үлескерлердің ақшасын үлестік қатысу туралы шартсыз тарта алады:

- қазақстандық тұрғын үй компаниясымен шарт болса

- құрылыс салушыда әкімдіктің рұқсаты болған жағдайда.

"Барлық азаматтарды мұқият болуға және өз ақшаларымен тәуекел етпеуге шақырамыз", - деді прокуратура.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная