ПОДЕЛИТЬСЯ
31 наурыз 2021 | 09:30
45 көлігі бар шымкенттік салық төлемей, қарызы 3 миллион теңгеден асқан
Шымкентте 45 автокөлігі бар тұрғын мемлекетке өсімпұлды қосқанда үш миллион теңге қарыз болып шықты. Бұл туралы "Отырар" телекомпаниясының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалпы, қалада көлік салығы бойынша 15 584 көлік қожайыны қарызын төлмеген. Олардың қарызы 70 миллион теңгеден асады. Жүргізушілер салықты 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеуі керек.
Шымкентте барлығы 170 мыңнан аса автокөлік тіркелген. Көлік салығын төлемегендерге салық сомасына байланысты өсімпұл қосылады. Борышкерлерге бірнеше рет ескерту жасалады, хабарлама беріледі, содан кейін сот орындаушыларына тапсырылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также