11 қараша 2022 | 09:17

45 миллион теңгенің алтыны заттай айғақтардан жоғалған жоқ - Шымкент ПД

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: otyrar.kz

Шымкент ПД құны 45 миллион теңге болатын 1,5 келі алтын заттай айғақтардан жоғалмағанын хабарлады. Бұған дейін Желіде Абай аудандық полиция бөлімінде салмағы 1,5-2 келі болатын алтын бұйымдар жоғалғаны туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент ПД құны 45 миллион теңге болатын 1,5 келі алтын заттай айғақтардан жоғалмағанын хабарлады. Бұған дейін Желіде Абай аудандық полиция бөлімінде салмағы 1,5-2 келі болатын алтын бұйымдар жоғалғаны туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Otyrar сайтына сілтеме жасап.

"Әйел полицияға жүгінді. Оның айтуынша, алаяқ одан салмағы бір келіден асатын алтынды алып, қайтармаған. Тергеушілер күдікті өткізіп жіберген жәбірленушінің алтын әшекейлерін қалалық ломбардтардан тәркіледі. Нәтижесінде күдікті бес жылға бас бостандығынан айырылды. Салмағы бір келі 31 грамм зергерлік бұйымдар заңды иесіне қолхатпен қайтарылды", - деді Шымкент ПД бастығы Қайрат Далбеков.

Желіде видео дәлелдер жарияланды. Онда әйел алтынды өлшеп, оны қолхатпен қабылдап алғаны көрінеді.

Реклама
Реклама

Биыл наурызда қылмыстық іс аясында зергерлік бұйымдар заттай айғақтарды сақтау үшін қоймаға тапсырылғаны айтылған. Алтын 45 миллион теңгеге бағаланды. Күні кеше әлеуметтік желілерде зергерлік бұйымдар жоғалып кеткені туралы ақпарат тарады. Тіпті алтынның жоғалуына қатысы бар деген қызметкерлердің аты аталған. Зергерлік бұйымдар 12 қалалық ломбардқа түскені айтылды.

Полицейлер әлеуметтік желіден алынған ақпаратқа сенбей, құзырлы органдардың ресми ақпаратына сүйенуге шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная