04 наурыз 2024 | 17:37

45 мың қаптама: Маңғыстауда дәріхана нашақорларға бизнес ұйымдастырған

Фото:depositphotos.com

Маңғыстау облысында есірткі әсерін күшейтетін дәрі рецептісіз сатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысында есірткі әсерін күшейтетін дәрі рецептісіз сатылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеріс барысында лицензиясы жоқ дәріхана, сондай-ақ, мерзімі өткен дәрілерді сақтау, "Тропикамид" дәрісін үлкен көлемде (45 мыңнан аса қаптама) рецептсіз сату деректері анықталған.

Тропикамид - адам өмірі мен денсаулығына әсер ететін, есірткіні қолданудың әсерін күшейтетін, нашақорларға негізгі заттың дозасын үнемдеуге немесе күшті эйфория алуға мүмкіндік беретін препарат.

Реклама
Реклама

Осыған орай облыс прокуратурасының үйлестіруімен Маңғыстау облысы бойынша медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті дәріхананың қызметіне тексеріс жүргізді.

"Тексеріс нәтижесінде дәріхана иесі ӘҚБтК-нің 464-бабының 1-бөлігі (лицензиялау нормаларын бұзу) және 426-бабының 1, 3-бөліктері (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен кәсіпкердің қызметі 3 айға тоқтатылды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная