09 шілде 2021 09:14

45,5 градус. Қазақстанда 30 жыл бұрынғы рекорд жаңарды

Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 30 жыл бұрынғы ыстық күндер рекорды жаңарды. 29 маусымда елдің батысында ең жоғары ауа температурасы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет синоптиктеріне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 30 жыл бұрынғы ыстық күндер рекорды жаңарды. 29 маусымда елдің батысында ең жоғары ауа температурасы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет синоптиктеріне сілтеме жасап. 

Метеорологтардың айтуынша, жаздың бірінші айы қарама-қайшылықтарымен таңғалдырды. Айдың көп бөлігінде елдің батысы мен оңтүстік өңірлерінде субтропикалық ауа массаларының әсерінен аптап болды. 

"Кей күндері термометр бағаналары апатты гидрометеорологиялық құбылыс (АГҚ) +40...+46 градус өлшемдеріне жетті, осылайша елдің оңтүстік-батыс жартысындағы бірқатар метеостанцияда тәуліктік рекордтар жаңарды: Орал метеостанциясында 29 маусымда температура +41,9 градусқа жетті, 2015 жылдың ең жоғары мәні +39,8 градус болған, Аққұдық метеостанциясында 29 маусымда +44,4 тіркелді, бұл 2018 жылдың абсолют максимумынан - +43,3-тен асып түсті, Атырау метеостанциясында 28 маусымда +42,8 градус болды, 2015 жылы рекорд +39,8 болған, Қаратөбе метеостанциясында (Батыс Қазақстан облысы) 29 маусымда ең жоғары ауа температурасы +45,5 тіркелді, бұл 1991 жылмен салыстырғанда жоғары, +41,2 болған", - деп хабарлады синоптиктер.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram