46 алматылықтан дельта штамы анықталды

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматыда вирус жұқтыру жағдайларының өсуі "дельта" штамына байланысты. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда вирус жұқтыру жағдайларының өсуі "дельта" штамына байланысты. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Вирус жұқтырғандар санының күрт өсуіне байланысты біз мутацияланған штамдарға зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде КВИ науқастарынан алынған 131 үлгінің 77-сі "альфа" немесе ұлыбританиялық штамм, 46 үлгіде "дельта", үнді штамы анықталды. Сонымен қатар, екі "гамма", оңтүстікафрика штамы мен бір нью-йорк, "бетта" штамы тіркелді. Жалпы эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі "альфа" штамының таралуынан, ал аурудың артуы Нұр-Сұлтан қаласы мен Ресейден әкелінген "дельта" штамының салдарынан", - деді Жандарбек Бекшин ОҚК онлайн-брифингінде.

Эпидемиологтардың айтуынша, ПТР орташа тәуліктік оң нәтижелері 114-тен 188-ге дейін өсті. Соңғы аптада симптомдары бар КВИ жұқтырғандар үлес салмағы 32 пайыздан 53 пайызға дейін артты, бұл COVID-19-дың "дельта" штамы тез тарайтынын көрсетті.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Жандарбек Бекшин төртінші толқын қаупі төніп тұрғанын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама