+48 градус ыстық: синоптиктер үш мегаполистің тұрғындарына ескерту жасады

+48 градус ыстық: синоптиктер үш мегаполистің тұрғындарына ескерту жасады

"Қазгидромет" синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында алдағы үш күнде - 16, 17 және 18 шілдеде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

16 шілдеде көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреп, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, жылдамдығы түнде 5-10, күндіз 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +31...+33 градус жылы.

Жарнама
Жарнама

17 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +31...+33 градус жылы.

18 шілдеде көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +35...+37 градус ыстық болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

16 шілдеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +22...+24 градус, күндіз +36...+38 градус ыстық болады.

17 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +22...+24 градус, күндіз +38...+40 градус өте қатты ыстық болады.

18 шілдеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +24...+26 градус, күндіз +40...+42 градус өте қатты ыстық болады.

Шымкенттегі ауа райы болжамы

16 шілдеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз +41...+43 градус ыстық болады.

17 шілде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +23...+25 градус, күндіз +44...+46 градус ыстық болады.

18 шілдеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +25...+27 градус, күндіз +46...+48 градус ыстық болады.

Қазақстанға аномальді ыстық келе жатыр

Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанның батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында күн күркіреп, жаңбыр жауатынын хабарлаған болатын. 16 және 17 шілдеде кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.

Сонымен қатар орталық және шығыс аймақтарда +41 градусқа дейін ыстық сақталады, ал оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және кей жерлерде оңтүстік-батыста ауа температурасы +41...+46 градусқа дейін көтеріледі. Толығырақ осы жерден оқыңыз.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама