ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қазан 2021 | 12:25
5 жылдан кейін әрбір қызметкер қайта даярлаудан өтеді - Еңбек министрлігі
Пандемияға және демографиялық ахуалдың өзгеруіне байланысты алдағы бес жылда әрбір қызметкер қайта даярлаудан өтеді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов Үкімет отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шапкеновтің айтуынша, пандемия мен демографиялық ахуал еңбек нарығына жаңа талаптар қойып отыр. Ең алдымен, бұл жұмыс күшіне қойылатын талаптарды өзгертуге байланысты болады.
"Сарапшылардың пікірінше, алдағы 5 жылда жұмыс күшіне қажет негізгі дағдылардың 40 пайызы өзгереді, соған орай әрбір екінші қызметкерді қайта даярлау керек", - деді Серік Шапкенов.
Министр өнеркәсіп туралы да сөз қозғап, осы салада кадрлар қартайып жатқаны байқалатынын атап өтті.
"Бұл салада жастардың 20 пайызы ғана жұмыс істейді. Алдағы уақытта "миллениалдар" және "Z" буыны" 74 пайызға жетеді , - деп атап өтті еңбек және әлеуметтік қорғау министрі.
"Қазір "еркін табыс экономикасы" немесе гиг-экономика, фрилансерлер қарқынды дамып жатыр. Олардың қызметін заңнамалық реттеу және еңбек құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдау қажет", - деді Серік Шапкенов.
Бұған дейін Қазақстанда пандемия басталғалы өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны өскені туралы хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также