25 маусым 2021 | 11:27

5 жылдан кейін. Есік өзенінің видеосы Желі қолданушыларын ашуландырды

Видеодан алынған кадр

Алматы облысындағы Есік өзенінің видеосы Желі қолданушыларын ашуландырды. Авторлар монтаждың көмегімен оны бес жыл бұрынғы жағдайымен салыстырған. Әкімдік қызметкерлері бұған қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысындағы Есік өзенінің видеосы Желі қолданушыларын ашуландырды. Авторлар монтаждың көмегімен оны бес жыл бұрынғы жағдайымен салыстырған. Әкімдік қызметкерлері бұған қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Авторлардың айтуынша, Instagram-пабликтің видео кадрлары осыдан бес жыл бұрын түсірілген, ол кезде өзен суының көп болғанын байқауға болады.

Келесі кадрда 2021 жыл, өзен суы тартылып қалған.

Реклама
Реклама

 "Бес жыл бұрын өзен болған, енді бес жылда не болады? Есік, бұл сен бе?", - деп жазылған жарияланымда.

Желі қолданушылары ашуланып, түрлі пікір қалдырған.

"Бұрын суғаруға жететін, өзенде де су болатын, ал қазір каналда да су аз, ал өзен құрғап кеткен".

"Үш жыл болды құрғақ арна! Қорқынышты, естен тандыратын көрініс", - деп жазды пікір қалдырғандар.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігіндегілердің айтуынша, шаруа қожалықтарының көбеюіне байланысты суғару мәселесі туған.

"Есік өзеніне мұздықтардан келетін судың көлемі - 2,7 текше метр. Суғаруға жүктелген аудан - 5 500 гектар. Көктөбе, Рахат, Бөлек округі мен Есік тұрғындарын суармалы сумен қамтып отыр. Өзен суы түгелдей жыл өткен сайын артып жатқан шаруа қожалықтарын суғаруға бағытталады", - деді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная