05 мамыр 2019 10:57

5 мамыр ауа райы қандай болады?

Камила Долаева Журналист
© Турар Казангапов

Синоптиктер 5 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 5 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың батыс, шығыс және оңтүстік-шығысынан арқылы атмосфералық фронталды бөліктер өтеді. Республиканың кей жерлеріне тұман түсіп, жел күшейеді, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, шаңды дауыл болады.

Реклама
Реклама

Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, секундына 15-20 метр жел, күндіз шаңды дауыл болады. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, секундына 15-20 метр жел соғады, күндіз бұршақ жауады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, күндіз найзағай, бұршақ жаууы ықтимал. 

Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Түнде Жамбыл, таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, кей жерлерде секундына 15-20 метр болатын жел соғады.

Қостанай, күндіз Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысында күндіз күн күркірейді. Бұған дейін Қазақстанның кейбір аудандарында ауа температурасы 6 мамырдан бастап 32 градусқа дейін көтеріледі деп хабарланған. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram