ПОДЕЛИТЬСЯ
02 шілде 2020 | 15:33
5 шілдеден бастап карантин ережесін бұзғандарға қандай айыппұл салынады?
ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 5 шілдеден бастап карантин режимін бұзғаны үшін қандай айыппұл салынатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 5 шілдеден бастап карантин режимін бұзғаны үшін қандай айыппұл салынатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Карантин режимін және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке жеке тұлғаларға - 30 АЕК (83,3 мың теңге), кәсіпкерлік субъектілері - 230 АЕК-тен (639 мың теңгеден жоғары) және одан жоғары. Тиісті нормативтік-құқықтық акт осы аптада қабылданады", - деді Тоғжанов брифингте.
Еске салайық, бүгін премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды.Қ азақстанда эпидемиологиялық ахуалдың өршуін және коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Мемлекеттік комиссия биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также