07 желтоқсан 2023 12:54

50 миллион теңгенің орнына 60 мың теңге. Павлодар облысында жерге қатысты заңбұзушылықтар анықталды

Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Павлодар облысында жерге қатысты конкурстық рәсімдерді елемей, төлемді азайтып, лауазымды тұлғалардың құзыретіне кірмейтін шешімдер қабылдаған елеулі заңбұзушылықтар анықталды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында жерге қатысты конкурстық рәсімдерді елемей, төлемді азайтып, лауазымды тұлғалардың құзыретіне кірмейтін шешімдер қабылдаған елеулі заңбұзушылықтар анықталды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Павлодар облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы шамамен 70 пайыз жер бар, олардың басым бөлігі жеке меншікте және жер пайдалануда.

"Тексеріс барысында елді мекендер шегінде жайылымдық жерлер мен егістіктер үшін жер учаскелерін беріп, міндетті конкурстық рәсімдерді елемей, пайдаланғаны үшін төлемді азайтып, лауазымды тұлғалардың құзыретіне кірмейтін шешімдер қабылдаған елеулі заңбұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, бір учаске бойынша жалға алудың жылдық құны 50 миллион теңгенің орнына 60 мың теңге деп белгіленген", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Халықтың қажеттіліктері үшін жайылымдық жерлер тапшылығы бола тұра, олар "бір қолға" берілгені анықталды.

"Мысалы, Ертіс ауданында 47 мың гектар тапшылық болса да, жер жеке тұлғаларға заңсыз берілген.

Осындай фактілердің бірі бойынша аталған ауданда сот тәртібімен ауданы 3 мың гектардан асатын жайылымдарды қайтару қамтамасыз етілді".

Жер қатынастары саласында лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.

Тексерулер жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram