17 шілде 2020 | 10:05

"50 мың теңге жәрдемақы алу үшін БЖТ төлеу керек". Министрлік хабарламаны жоққа шығарды

© Reuters

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 50 мың теңге көлемінде жәрдемақы алу үшін бірыңғай жиынтық төлем жасау керек деген ақпарат тараған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 50 мың теңге көлемінде жәрдемақы алу үшін бірыңғай жиынтық төлем жасау керек деген ақпарат тараған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мессенджерлерде 50 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы тағайындау үшін екінші деңгейдегі банктердің әртүрлі шоттары арқылы бірыңғай жиынтық төлемді төлеуді жүзеге асыру қажеттілігі туралы таратылған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда БЖТ-ны мәжбүрлеп аударуға "байланыстырылған" ешқандай жәрдемақылар, төлемдер жоқ деп хабарлайды. Азаматтардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуын сұраймыз", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Министрлік Қазақстан Республикасының заңнамасымен жалған ақпаратты таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная