28 маусым 2024 15:05

"50 мың теңгеден". Министрлік қазақстандықтарға аударылатын төлем туралы ақпаратқа пікір білдірді

Фото:depositphotos.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Желіде тараған "әлеуметтік қордан қазақстандықтарға 50 мың теңге төленетіні" туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Желіде тараған "әлеуметтік қордан қазақстандықтарға 50 мың теңге төленетіні" туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"1949-1998 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына осы жылдың 26 маусымынан бастап белгісіз әлеуметтік қордан 50 000 теңге аударылатыны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.

Реклама
Реклама

"Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз".

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылатыны айтылды.

"Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз. Жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын естеріңізге саламыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360536/thumb_m/photo_122843.jpeg"
    "title" => "Қазақстанда қандай көліктерге сән-салтанат салығы салынады? Экономика министрлігі жауабы"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-kanday-kolkterge-san-saltanat-salyigyi-360536/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360464/thumb_m/photo_122765.jpeg"
    "title" => "Уақыт белдеуін ауыстыруға қарсы петиция: шешім қабылдау мерзімдері аталды"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/uakyit-beldeun-auyistyiruga-karsyi-petitsiya-sheshm-360464/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360411/thumb_m/photo_122701.jpeg"
    "title" => "Қазақстандағы жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstandagyi-jogaryi-oku-oryindaryina-kujat-kabyildau-360411/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360363/thumb_m/photo_122650.jpeg"
    "title" => "Tele2/Altel сатылымы: министр мәміле сомасын айтты"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/tele2-altel-satyilyimyi-ministr-mamle-somasyin-ayttyi-360363/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360251/thumb_m/photo_122530.jpeg"
    "title" => "Өнеркәсіп министрлігінде утильалымға қатысты отырыс өтті: не талқыланды?"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/onerkasp-ministrlgnde-utilalyimga-katyistyi-otyiryis-ott-ne-360251/amp/"
  ]
]