500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін зейнетақы алу үшін қанша ақша жинау керек: БЖЗҚ есебі

Айнұр Қапышова Корреспондент
500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін зейнетақы алу үшін қанша ақша жинау керек: БЖЗҚ есебі Фото:depositphotos.com

Ай сайын 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін зейнетақы алу үшін зейнетақы қорына қанша ақша жинау керек? Бұл сұраққа Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ай сайын 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін зейнетақы алу үшін зейнетақы қорына қанша ақша жинау керек? Бұл сұраққа Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қор есебіне сәйкес:

  • айына 500 000 теңге алу үшін 92,3 миллион теңге жинау қажет;
  • 800 000 теңге - 147,7 миллион теңге;
  • 1 000 000 теңге - 184,6 миллион теңге.
Реклама
Реклама

Қор мұндай есептеу толық еңбек өтілі негізінде, яғни, 40 жыл бойы тұрақты зейнетақы жарналары аударылған жағдайда жасалғанын нақтылады.

"БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері бекітілген әдістеме бойынша есептеледі. Бірінші жылы ай сайынғы төлем мөлшері жинақ сомасының 6,5 пайызы негізінде есептеліп, 12 айға бөлінеді. Кейін жыл сайын 5 пайыз индексация қолданылады", - делінген Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берілген жауапта.

Мысал ретінде қор мынадай есептеулерді келтірді:

  • 10 миллион теңге жинақталған жағдайда зейнетақы 54 167 теңге болады;
  • 50 миллион теңге - 270 833 теңге;
  • 100 миллион теңге - 541 667 теңге.

Бұл ретте салымшылардың жалпы зейнетақы жинақтарындағы инвестициялық табыс үлесі 40–70 пайыз болуы мүмкін.

Зейнетақы қорының өкілдері төлемдердің мөлшері жүйеге қатысу ұзақтығына және жарналардың тұрақтылығына тікелей байланысты екенін атап өтті.

Бұған дейін БЖЗҚ өкілдері еш жерде жұмыс істемеген қазақстандықтар зейнетақыны қалай алатынын айтқан болатын.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының қазіргі мөлшерін атады.

"2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 157 843 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы - 103 931 теңге, базалық зейнетақы - 53 912 теңге", - деп хабарлады Еңбек министрлігі.

Еске салайық, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақының барлық түрі, сондай-ақ базалық және ынтымақты зейнетақы 10 пайызға индекстелді. Индекстеу 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда Ұлттық банктің болжамды инфляция деңгейін ескере отырып қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама